“Құлыншақ” бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес “Өркен” ересек тобында “Табиғат еліне саяхат” тақырыбында тәрбиеші: Жайлиева.Ұ ұйымдастырылған квест-ойын іс-әрекетін өткізді.
Іс-әрекет барысында: (ЖИ) жасанды интеллект мультфильмі кірістіріліп, балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қоқыс қалдықтарды сұрыптаудың маңызын түсіндіру, эко банк,эко- дүкен ойыны арқылы үнемдеу,дұрыс таңдау мен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.
Author: denis
Қарды зерттеу
“Өркен” ересек тобы
“Қарды зерттеу”
Мақсаты:
Балаларды қардың табиғи қасиеттерімен таныстыру(суық, ақ, жұмсақ).
Қардың төмен температуда қататынын термометрмен бақылау.
Қарды түрлі түстерге бояп, оның тез сіңіргіш қасиетін түсіндіру.
Қардың еритін , еріген кезде суға айналғанда ыдыстағы толы қардың азаятынын ұғындыру.
Қызықты ойын: “Қарлы жанартау” жасап, балалардың зерттеушілік қабілетін дамыту.
Тәрбиеші: Жайлиева. Ұ.
Балаларға қарапайым материалдардан бұйым жасауға үйрету
Мақсаты: Балаларға қарапайым материалдардан (оригами әдісімен қағаздан) бұйым жасауға үйрету арқылы шығармашылық, өнертапқыштық қабілеттерін дамыту. Зымыран моделін құрастыруда кеңістік ойлауын қалыптастыру.
Ғарыш туралы түсінік беру
Мен ғарышкер боламын
“Зерек” тобы
Тақырыбы: ”Мен ғарышкер боламын”
Мақсаты:Балалардың ғарыш әлемі, планеталар және жұлдыздар туралы түсініктерін кеңейту. Әлемдік және қазақстандық ғарышкерлер (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов) туралы мағлұмат беру.
Танымдық қабілетін, қиялын және ғарышкер мамандығына деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорларын байыту («ғарыш айлағы», «ракета», т.б.).
Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, оларды батылдыққа, елін сүюге және мақтан тұтуға тәрбиелеу. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге және ұжыммен жұмыс істеуге баулу.
Топ тәрбиешілері:Балғабаева.Г
Сатова.Б
Қазақтың ұлттық ойындары
Мақсаты: Балалардың денсаулығын шынықтыра отырып, қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру мақсатында қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бір – біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту.
Қатысушылар: “Өркен” тобы
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Искакова Актолкын Сайновна
Қош келдің, Әз-Наурыз!
“Зерек”ортаңғы тобы
Тақырыбы: ”Қош келдің, Әз-Наурыз!”
Мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын (мысалы, тұсаукесер, бесікке салу) және ұлттық тағамдарын (наурыз көже) құрметтеуге баулу. Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ұлттық ойындар мен өнер арқылы балалардың ой-өрісін, қимыл-қозғалысын және тіл байлығын дамыту.
Топ тәрбиешілері: Сатова.Б
Балғабаева.Г
Қош келдің, әз Наурыз
Мақсаты: “Наурыз “мерекесі туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен,әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихат тап,ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. “Балапан ” кіші тобы. Тәрбиешілері: Қалиева К. Тағанова Г
Алғыс айту күні
Қазақстанда 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту күнінің негізгі мақсаты — еліміздегі түрлі ұлт өкілдері арасындағы бірлік пен достықты нығайту және ортақ тарихқа құрмет көрсету.





