г.Форт-Шевченко, МАРШАЛ АБДИХАЛЫКОВ, 10/1
87293822496
[bvi]

Балабақшамен қоштасу мерекесі

Балалардың балабақшамен қоштасу мерекесін ұйымдастырып, олардың жетістіктерін көрсету, мектепке деген қызығушылықтарын арттыру және ұстаздар мен ата-аналарға ризашылық сезімін қалыптастыру.
Әнге, биге, шығармашылыққа баулу

Қарлығаш тобы

🌷1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ертеңгілік.

Мақсаты:
Балалардың достық, бірлік, татулық туралы түсініктерін қалыптастыру, әртүрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылықтарын арттыру. Балалардың сахналық өнерге, ән айтуға, би билеуге деген қабілеттерін дамыту, топтар арасында ынтымақтастық пен ұйымшылдықты нығайту.

Квест ойын

“Қарлығаш” Ересек тобы
Мақсаты: Квест ойын арқылы балалардың танымдық қабілеттерін,сөйлеу тілін, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту, топтық ынтымақтастықты нығайту және сиқырлы әлемге саяхат арқылы қызығушылықпен білім алуға ынталандыру.

Кішкентай көмекшілер

Тақырыбы: “Кішкентай көмекшілер”. Мақсаты: Ойын арқылы балаларды жан-жақты дамыту. Байқампаздыққа,ұқыптылыққа үйрету. Балалардың қол моторикасын дамыту. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, икемділігін арттыру.

Өрт қауіпінен сақтану

Мақсаты:

1. Өрт қауіпінен сақтану жайлы мағлұматтарын кеңейту, Электр құралдарын дұрыс қолдану жайлы білу.

  1. Қауіпсіздік ережелерін білу, есте сақтау
  2. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Табиғат еліне саяхат

“Құлыншақ” бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес “Өркен” ересек тобында “Табиғат еліне саяхат” тақырыбында тәрбиеші: Жайлиева.Ұ ұйымдастырылған квест-ойын іс-әрекетін өткізді.
Іс-әрекет барысында: (ЖИ) жасанды интеллект мультфильмі кірістіріліп, балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қоқыс қалдықтарды сұрыптаудың маңызын түсіндіру, эко банк,эко- дүкен ойыны арқылы үнемдеу,дұрыс таңдау мен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.

Қарды зерттеу

“Өркен” ересек тобы
“Қарды зерттеу”
Мақсаты:
Балаларды қардың табиғи қасиеттерімен таныстыру(суық, ақ, жұмсақ).
Қардың төмен температуда қататынын термометрмен бақылау.
Қарды түрлі түстерге бояп, оның тез сіңіргіш қасиетін түсіндіру.
Қардың еритін , еріген кезде суға айналғанда ыдыстағы толы қардың азаятынын ұғындыру.
Қызықты ойын: “Қарлы жанартау” жасап, балалардың зерттеушілік қабілетін дамыту.
Тәрбиеші: Жайлиева. Ұ.

Балаларға қарапайым материалдардан бұйым жасауға үйрету

Мақсаты: Балаларға қарапайым материалдардан (оригами әдісімен қағаздан) бұйым жасауға үйрету арқылы шығармашылық, өнертапқыштық қабілеттерін дамыту. Зымыран моделін құрастыруда кеңістік ойлауын қалыптастыру.
Ғарыш туралы түсінік беру

Мен ғарышкер боламын

“Зерек” тобы
Тақырыбы: ”Мен ғарышкер боламын”
Мақсаты:Балалардың ғарыш әлемі, планеталар және жұлдыздар туралы түсініктерін кеңейту. Әлемдік және қазақстандық ғарышкерлер (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов) туралы мағлұмат беру.
Танымдық қабілетін, қиялын және ғарышкер мамандығына деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорларын байыту («ғарыш айлағы», «ракета», т.б.).
Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, оларды батылдыққа, елін сүюге және мақтан тұтуға тәрбиелеу. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге және ұжыммен жұмыс істеуге баулу.
Топ тәрбиешілері:Балғабаева.Г
Сатова.Б

Послание Президента
Государственные символы